"Түркия НАТО-дан шығарылуы тиіс" - ұсыныс айтылды

"Түркия НАТО-дан шығарылуы тиіс" - ұсыныс айтылды

Түркия НАТО құрамынан шығарылуы тиіс, себебі альянстағы құқықтарды бұзды. Бұл туралы француз ұлтшылдарының лидері Марин Ле Пен айтты деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін Түркияның Сирияда күрд жасақтарына қарсы жасап жатқан «Бейбітшілік қайнары» операциясы салдарынан Франция, Германия, Норвегия, Испания Анкараға қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан еді. Еуроодақ Түркияға лицензия беру мен қару сатуды доғаруда жағдайды ретке келтіреміз деді. Алайда Анкараға қарсы қару эмбаргосын жасау мүмкін болмады, себебі Түркия НАТО мүшесі. Ал бұл өз кезегінде Еуроодақ елдеріне бірқатар міндеттер жүктейді. Олардың альянста атқаратын бірқатар міндеті бар.

Өз кезегінде саясаткер Ле Пен Еуроодақтың бұл тұрғыда ештеңе жасай алмай отырғанын айтып, сынға алды. Оның сөзінше мұның бір ғана жолы - Түркияны НАТО-дан шығару ғана, себебі Анкара альянстың талаптарын бұзды.