Елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

Елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен к. Күмісбекова). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған. Балабақша құрылысымен қала әкімі Алтай Көлгінов барып танысты.