Бірнеше облыста ауа райы күрт құбылмалы болады

Бірнеше облыста ауа райы күрт құбылмалы болады

Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

Антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыс аймақта атмосфералық ауа ағынының әсерінен түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ал батыс, солтүстік-батыста жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады.

Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында тұман түсіп, Алматы мен Жамбыл облысында түнде ауа температурасы қатты суық болуы мүмкін.