Отандық лоукостер өзінің бірінші халықаралық рейсін Мәскеуге ашып жатыр. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билеттер сатылымға шықты.
Жайлы сапарлар FlyArystan-ның Airbus A320 ұшақтарымен 2019 жылдың 13 желтоқсанынан жүзеге асырыла бастайды. Қазақстанның бас қаласынан орындалатын сапарлар құны 19 999 теңгеден басталады және де бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 60% төмен. Ресей астанасынан саяхаттаймын деушілер, билеттерді әуежай алымдарымен қоса есептегенде 3333 рубльден бастап сатып ала алады.
Ұзақтығы 3 сағаттық күнделікті рейстер Н.Назарбаев айлағынан Жуковский халықаралық әуежайына орындалады. 180 орынды лайнерлер Нұр-Сұлтаннан 22:10 ұшып шығып, Мәскеуге сол күні 22.40 қонатын болады. Кері қарай ұшақ 23:25 шарықтап, қазақстандық әуеайлаққа 05:35 келеді. Н.Назарбаев әуежайында ұшырылым Т1 терминалынан орындалып, рейске тіркеу жоспарланған ұшу уақытына 3 сағат қалғанда ашыла.
– Мәскеу – ТМД елдері арасындағы тарихи, туристтік әрі іскери маңызы зор халықаралық орталығы болып есептеледі. Жуковский әуежайы болса, Ресей астанасының қарқынды дамып келе жатқан әуеайлағы екені сөзсіз. Былтырғы жылдың өзінде әуежай қызметімен 1,16 млн адам қолданып, жолаушылар саны 173% артқа. FlyArystan-ның операциялық қызметі жүзеге асырала басталғаннан бері Қазақстан қалаларының әуеайлақтарында жолаушылар саны орташа есеппен 30-35% артты. Енді ресейлік нарыққа да жағымды әсерін қалдырады деген нық сенімдеміз. Оны жолаушылармен қатар, Жуковский әуежайы да сезінеді деген ойдамыз, – деп FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова ойымен бөлісті.
РАМПОРТ АЭРО-ның бас директоры Томас Вайшвиланың ойынша әуетасымалдаушы қолданып отырған лоукост-үлгісі, Ресей мен Қазақстан азаматтары арасында үлкен қызығушылыққа ие болатынына кәміл сенеді. «Біз өз тарапымыздан әуекомпания мен жолаушыларды жылы қарсы алып, жоғарысапалы қызметті көрсетуге тырысамыз. Көршілес елдердің мәдени және экономикалық байланысы жыл сайын жақсаруды, сондықтан лоукостердің әуепаркті кеңейту туралы жоспарлары елдер арасындағы серіктестісті жақсартуға зор мүмкіндік туғызады» – деп мәлім етті Жуковский әуеайлағының басшылығы.