Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі.