Норвегияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Норвегияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Норвегияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды. Бұл туралы Verdens Gang газетіне Тронхейм муниципалитетінің бас дәрігері Туве Ресстад хабарлады 16-18 қазан аралығында Тронхейм қаласында сегіз жергілікті тұрғыннан вирустың жаңа түрі анықталды.

«Алдын ала болжам бойынша, бұл – вирустың Денсаулық сақтау министрлігі Норвегияда бұрын кездестірмеген жаңа нұсқасы», - деді Ресстад.
Ол вирус мутациясының жаңа қасиеттері әлі белгісіз екенін айтып өтті. Алайда, оның айтуынша, Тронхеймде коронавирус тез жұғатын болған.