Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде әйелді өлтірді деген күдікпен көрші өңір тұрғыны ұсталды. Шымкенттік полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды
«Биылғы 19 қазанда сағат 12:20-да «102» пультіне Шымкент қаласы 18-шағынауданындағы пәтерлердің бірінен белгісіз әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында оның Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел буындыру салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті де Түркістан облысының тұрғыны болып табылады», - делінген Polisia.kz сайтында.