«Тіпті Тиматидің өзі ұлды болды». Дағыстандық сәбиінің жынысына бола әйелін түсік жасатуға мәжбүрлеген

«Тіпті Тиматидің өзі ұлды болды». Дағыстандық сәбиінің жынысына бола әйелін түсік жасатуға мәжбүрлеген

Әдетте Дағыстандық еркектер негізінен ұл баланы қалайды. Егер, әйелі қыз туғанын естісе перзентханаға келмей қоятындары да кездеседі,–деп хабарлайды 360tv.ru.

Бұл жолы Дағыстан тұрғыны өзінің 19 жастағы әйелінің құрсағындағы қыз бала екенін білгеннен кейін «түсік жасат» деп мәжбүрлеген.

– Сенбіде бір жас ана күйеуінен қашып бізге келді. Күйеуі оған қол жұмсап, күш көрсету арқылы қорқытып түсік жасатқан. Жас ана психологиялық

тұрғыда соққы алған, әбден шошынып қалыпты, өз тағдырына өкінетінін айтты. Біз оны қамқорлығымызға алдық»,– дейді Дағыстандағы Ана мен баланы қорғау орталығының директоры Евгений Величкина.

Оның айтуынша, әйел қазір қауіпсіз жерде. Оны күйеуі бірнеше іздеп келген.

– Келіншек күйеуінен қатты қорқып қалған. Біз оған көмектесуге психолог маман бөлдік. Күйеуі оған, «Тиматидің өзі ұлды болып жатқанда менде неге ұл жоқ»,– деп тиіскен, қыз бала қажет емесін айтып қысым көрсеткен,– деп толықтырды Е.Величкина.