Ол футболшылық карьерасын "Қайратта" аяқтады
Лондондық «Арсенал» мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин бапкер ретіндегі алғашқы жетістігіне жетті.
Ресей құрамасының экс-футболшысы қазір «Зенит» клубында балалар командасын жаттықтырады. Ол 2004 жылы туған балғындарға бапкерлік етіп, «Газпром» командасымен Санкт-Петербург кубогын жеңіп алған.
Футболшы «Қайраттан» кеткеннен кейін С категориясындағы бапкер лицензиясын алған еді.