Қазақстанда таяу күндері қар жауып, қатты аяз болады

Қазақстанда таяу күндері қар жауып, қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, 22-24 қазан аралығында Қазақстанның ауа райына Скандинавия аймағынан келетін циклон әсер етеді. Циклон ылғалды, суық ауа массасын әкеледі.

Аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады. Оңтүстік-шығыс пен шығыс өңірлерде қар жаууы ықтимал. Кей аймақта тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады.

Түнде термометр көрсеткіші елдің солтүстігі мен орталығында минус 5-13 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік аймақтарда кей жерлерде -3 градус аяз болады.