Қытай еліндегі Чжэцзян провинциясында коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Қазіргі кезде екпе вирус жұқтыру қаупі жоғары санаттағы және жақын күндері шет мемлекетке ұшатын адамдарға салынып жатыр.
Айта кетейік, қала әкімшілігі екпені кезең-кезеңімен бүкіл халыққа егуді жоспарлауда. Мамандардың айтуы бойынша, вакцина сынағы әлі толығымен аяқталмаған. Десе де бұл вакцинаны барлық адамға екі рет салу керек. Екпе бағасы 60 долларға бағаланған.«Екпені бірінші кезекте инфекциямен күресіп жүрген мамандарға сала бастаймыз. Дәрігерлер, шекара қызметкерлері басты назарда», – деді ҚХР Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының биологиялық қауіпсіздік жөнінде жетекші сарапшысы У Гуйчжэнь.
Қазіргі кезде Қытай елінде екпенің 4 түрі сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оның екеуіне жыл соңына дейін кең ауқымда пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін.