Ауа  райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа  райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Желдің екпіні күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің батысында ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде ауа райының қолайсыздығынан тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.