Ақтөбе облысындағы «СҚ-Фармация» қоймасында бірқатар бұзушылықтың орын алуына, яғни дәрі-дәрмек қорының жетіспеуіне қатысты аталған ұйым ресми түсініктеме берді.
«Қазіргі уақытта (22 қазан) Ақтөбе қаласындағы «СҚ-Фармация» филиалының қоймасына Алматы мен Шымкент қаласынан дәрі-дәрмек жеткізілді. Санмен айтқанда, 186,4 млн теңгені құрайтын 53 атаулы дәрі-дәрмек. Одан әрі дәрі-дәрмектер Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының медициналық ұйымдарына жеткізіледі. Яғни Ақтөбе хабындағы дәрі-дәрмектер қоймада тұрмайды, қажетті өңірлерге бірден жөнелтіледі. Ақтөбеге дәрі-дәрмекті жеткізу апта сайын жүзеге асырылуда. Жалпы, өңірлерге дәрі-дәрмек қоры Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент секілді ірі қалалардан жеткізіледі«, - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Айсұлу Мұстафаева тілшілерге берген сұхбатында.