Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

Циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел қарқыны 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түркістан, таңертен және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 17-22 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.