COVID-19: Жерлеу мен жаназа шығару рәсімдеріне тағы да өзгеріс енгізілді

COVID-19: Жерлеу мен жаназа шығару рәсімдеріне тағы да өзгеріс енгізілді

Түркияда енді бірқатар провинцияда көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады.

Пандемияға байланысты жаназа шығару орны мен уақытын айтуға, жалпақ жұртқа жариялауға қатаң тыйым салынды. Қаралы жиынға қайтыс болған кісінің тек ең жақын туыс-туғанына ғана қатыса алады. Оның өзінде жаназаға жиналғандар карантин талабын қатаң сақтауы тиіс.

Түркия билігі карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр болып отырғанын бұған дейін де бірнеше рет ескерткен.