Бұл шындыққа жанаса ма деген ақпаратты «Астана Times» қазанның 19 күні эфирден көрсеткен. Сол кезде тараздық атқамінерлер «Көше-көшені аралап ферманы іздеп көреміз» деп уәде беріп еді. Бір аптадан соң, телеарна тілшісі Ғалымжан Өтемісов осы мәселені қайта қозғады.
Сарапшылардың айтуынша, «есек сүті пайдалы» деген – жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді.Әлеуметтік желіде таралған фермада түсірілген видео талайды шошытты. Әсіресе, «Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген» деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал Тараздағы шенеуніктер Киров көшесінен есек фермасының жоқ екенін айтып отыр. [caption id="attachment_82868" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]Сарапшы Қуандық Хонай: «Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады», – дейді.
Ветинспекцияның болжамынша, бейнежазба басқа елде түсірілу мүмкін. https://youtu.be/-HXpNca4LTQАШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев: «Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те, есек ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге «гарантия» берейін», – дейді.