«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады. Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған.

Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.