Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға тағы сөз салды

Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға тағы сөз салды

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы парақшасында бір букет гүл ұстаған суретін жариялады. 

Суреттің астына пікір жазғандар көп. Солардың бірі аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін спортшы Қуат Хамитов тағы да қызға сөз салып, үйленгісі келетінін айтты.

"Жылы киін, менің балаларымның анасы болатыныңды ұмытпа", - деп жазды Хамитов.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ММА жауынгері «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов  Боратты қалай жазалайтынын айтқанын жазған болатынбыз.