ӘЧ:Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

ӘЧ:Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Чилиде каратэден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Бұл жайында ҰОК баспасөзі хабарлады.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әбілмансұр Батырғали қарсылас шақ келтірмеді. 

 Осыған дейін, жарыстың екінші күнінде кадеттер арасында кумитэден жеңімпаздар анықталды. Қыздар арасында 47 келіде сынға түскен Әсемгүл Ердәулет үздік үштік қатарынан көрінді.


Сондай-ақ, 63 келіде бақ сынаған Айдос Мұхаттың еншісінде де қола жүлде бар.

Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынындағы үшінші қола медаль. Бұған дейін Рауан Амантайұлы да жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Апта соңында аяқталатын әлемдік сында 96 мемлекеттен 1500 спортшы қатысып жатыр.