Бір топ Қытай азаматының ұшақтан түсіп жатқаны туралы видеоға әкімдік түсініктеме берді

Бір топ Қытай азаматының ұшақтан түсіп жатқаны туралы видеоға әкімдік түсініктеме берді

Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды. Видеоға қатысты Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров түсініктеме берді. Оның айтуынша, 22 қазанда CNCEC (China National Chemical Enginnering Co) компаниясының 124 қытайлық маманы интеграцияланған газ-химия кешенінің I фазасы жобасында жұмыс істеу үшін Нұр-Сұлтаннан Атырауға чартерлік рейспен келген.   https://youtu.be/DLE0MclrLfc Сол күні кешке келген қытайлық жұмысшылар CNCEC вахталық қалашығына орналасты. Дәл осы сәтті қазақстандық қызметкерлер видеоға түсіріп, теріс пікір білдірген.

«Аталған факті бойынша CNCEC филиалы және KPI ЖШС (жобаның тапсырыс берушісі) қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бейнежазбаны түсірген адамдармен сөйлесті. Олар бейнежазбаны түсіргенде арам ойымыз болған жоқ деген», ­– дейді И.Әубәкіров.

Еңбек инспекциясы басқармасы қытайлықтар Қазақстанға іскерлік (жұмыс) виза бойынша келгенін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу бойынша санатқа жатпайтынын атап өтті.