Жауынгер қораз полицейді аяғынан бір теуіп өлтірді

Жауынгер қораз полицейді аяғынан бір теуіп өлтірді

Филиппинде полиция лейтенанты жауынгер қораздың шабуылынан қаза тапты. Оқиға Солтүстік Самар провинциясында болды, - деп жазады PNA.

Полиция қызметкері Кристиан Болок қораздар жекпе-жегін заңсыз өткізген орынға тексеру жүргізген.  Аяқ астынан сондай тауықтардың бірі  оған шабуыл жасаған.

«Жұқа ұстара кигізілген қораз лейтенантты сол аяғынан ұрып, оның сан тамырын зақымдаған. Ауруханаға жеткізгенмен, ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Кристиан қатысқан рейд кезінде полиция қораздар жекпе-жегін заңсыз ұйымдастырған үш адамды ұстады, олардан жеті қораз алынды. Тағы үш күдікті қашып кеткен. Олардың жеке басы анықталды.