Қанат Исламның жеңісі: екі топтың керісі

Қанат Исламның жеңісі: екі топтың керісі

«Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында айтулы бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте Қанат Ислам мен Намбия елінің өкілі Уолтер Коутондоква жұдырықтасқан. Оған дейінгі көңіл күйіміз қалыпты еді. Шудың көкесі 10 раундтық осы жекпе-жек біткен соң басталды.

Жекпе-жек Қанаттың же­ңі­сімен аяқталып, қазақ­стандық орта салмақта алғаш рет екінші деңгейлі WBO International ти­тулын қорғап қалған еді. Кездесу біте салысымен-ақ бірқатар желі қолданушылары өз парақша­ла­рында ойын жаза бастады. Олар­дың айтуынша, жекпе-жек нәти­жесі әділ емес: Уолтер же­ңілген жоқ. Тым құрығанда тең түсті. Әрине, оларға қарсы пікір айту­шы­лар да көп: Қанат ел намысын көтеріп, дүбірге бөлеп жүр. Қазақ­тың баласын жерге ұра бермей, қолдауымыз керек дейді бір топ. Біздікі екеуінің біріне қарап емек­су емес. 35 жастағы қазақ кәсіпқой бокс­шысына қа­тысты нендей де­рек пен ақпарат бар, соны бөлісу.

Бірінші кезекте айтарымыз қарсылас өте сәтті таңдалған деу­ге негіз бар. Себебі мойындалған, әлем көбірек көз тігетін, атың мен келбетіңді жылдам танытатын жекпе-жектер негізінен АҚШ, Канада, Ұлыбританияда өтеді. Бұл бокс кеші болса Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл жаққа аттай қалап айтулы қарсыласты алып келу тіпті қиын. Ал Уолтер Коутондоква бір жыл бұрын WBO тұжырымы бойынша вакантты титулға таласып, атақты амери­калық Деметриус Андрадемен қолғап түйістірген. Сөйтіп, төрт рет нокдаунға түсіп, жеңіліс тап­қан. Сондықтан Уолтер топ-бокс­шы болмаса да, соған жа­қынырақ, әлдеқайда әлеуетті қарсылас. Әри­не, Қанаттың осыған дейінгі қарсыластарымен салыстырғанда.

Екінші атап өтерлік нәрсе – Қанат біраздан бері жекпе-жек­терін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өт­кізіп жүр. Бұл өз еліміздегі рух­­­ты көтереді. Әрі андер­кар­тында жас қазақ боксшыларын шыға­рып, олардың кәсіпқой бокстағы жолын ашуда. Аса құп­тарлық жағ­дай. Бірақ Қанат не­ліктен Нұр-Сұлтан мен Алма­тыдан шық­пай қалды? Әлбетте, АҚШ нары­ғына терең бойлай алмағандықтан. Ащы да болса шындық осы.

35 жастағы боксшымыз осы­ған дейін 27 рет (Уолтерді қоса есеп­тегенде) жекпе-жек өткізіп, осын­шама рет жеңіс олжалады. Бірақ соның бірде-бірінде чем­пион­дық титулға таласқан жоқ.

• 2016 жыл. 29 қазан. Алма­тыда ганалық Патрик Аллотейді жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental белдігін иеленді.

• 2017 жыл. 26 мамыр. АҚШ-та мексикалық Норберто Гон­са­леспен жұдырықтасып, жеңіп, бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO вакантты титулын иеленді.

• 2017 жыл. 9 қыркүйек. Ас­та­нада канадалық Брэндон Кук­ты құ­латып, өз титулын қорғап қал­ды.

• 2019 жыл. 5 шілде. Алматыда доминикандық Хулио де Хесустан басым түсіп, бірінші орта сал­мақта WBO Inter-Continental бел­дігін еншіледі.

Ал кәсіпқой бокста бірқатар мық­тылар небәрі 10, 13 жекпе-жегінде-ақ чемпиондық атаққа таласа алатынын дәлелдеп жүр. Әрине, ол үшін менеджердің мық­­ты болуы керек-ақ. 2018 жыл­дың ақпан айында Қанат Ис­лам әйгілі менеджер Эгис Кли­маспен келі­сімшартқа отырғанда көңілде үміт оты оянған. Ол Ва­силий Лома­ченко, Александр Усик, Сергей Ковалев сияқты чемпиондармен жұмыс істейтін, аса тәжірибелі маман еді. Алайда Қанат бұл маманмен ортақ жұ­мысты ұзаққа созбады. Кешегі жекпе-жегі қар­саңында өзінің байырғы бапкері һәм промоутері Нелсон Лопеске қайта оралғаны белгілі болды. Белгілі бокс са­рапшысы, журна­лист Уәлихан Қосанбай «Қанат Ислам чемпион бола алмайды» деп есептейді. Сөзіне дәлел ре­тінде ол 7 фак­торды айтады. Оның айтуынша, бірінші фактор – спортшының жасы. «Қанат Ислам қазір 35-те. 35 жаста кәсіпқой бокста бірінші рет чемпион болған боксшы жоқ» дейді ол.

Екінші атап өтерлік нәрсе – Қанат біраздан бері жекпе-жек­терін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өт­кізіп жүр. Бұл өз еліміздегі рух­­­ты көтереді. Әрі андер­кар­тын­да жас қазақ боксшыларын шыға­рып, олардың кәсіп­қой бокстағы жолын ашуда. Аса құп­тарлық жағ­дай. Бірақ Қанат не­ліктен Нұр-Сұлтан мен Алма­ты­дан шық­пай қалды? Әлбетте, АҚШ нары­ғына терең бойлай алмағандықтан. Ащы да болса шындық осы.

– Эгис ең болмаса боксшы­мызды чемпионға қарсы қойып бере алар еді. Ол дегеніміз – белбеуге жетуге бір қадам деген сөз. Ал мына ме­неджерімен Қанат ағамыз осы деңгейде қала береді. Нелсон осы уақытқа дейін бір чемпион шы­ғармады. Америкада ол рекорды мықты боксшыға тек оппонент тауып беруші ғана. Бапкер Бага­у­дин Бек деген кім? Менің естуім­ше, фитнес залда бапкер болған екен. Қанат Исламға тез арада бапкер ауыстыруы керек. Бекпен ұзаққа бармайды. Америкадан арнайы Роджер Рома деген ма­манды алдыртыпты. Айналайын­дар-ау, ол кім? Америкада ол үшін­ші сорттағы бапкер де емес қой. Лапа ұстағаннан артық жұ­мысын көрген емеспін.

Тағы бір айта кететін жайт, Boxrec Қанат Исламның шешімін тіркемеді. Комиссияның шешімін күтіп отыр екен. Сосын, орта сал­мақ боксшымыз үшін ауыр. Мұн­да өнер көрсететін бокс­шы­лар­дың салмағы – 80-85 келі арасын­да. 10-12 келі салмақ қуады олар. Бірақ кез­десу күні қайтып соның 7-8 ке­лісін жинап алады. Қанат Ислам болса 75 келінің айнала­сында. Ірі емес. Джейкобс, Ан­дра­де, Батлер сияқтылар ірі. Сол үшін бірінші орта салмаққа қайта түссе дұрыс па деп ойлаймын. Ол жақта ша­малы да болса мүмкіндік көбейер еді, – дейді сарапшы.

Ал Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) өзінің ресми сайтында жекпе-жек есебін жария еткен. «Судьялардың көзіне түсу үшін Каутондокваға біршама күш-қайрат пен батылдық жетіспеді. Ислам төрешілер шешімімен жеңді. Қазір WBO рейтингінде 8-орында келе жатыр, алдағы уа­қытта тағы жоғары көтерілуі мүм­кін. Бұл Қанат үшін керемет сәтті кеш болған жоқ, бірақ ол кез­десуді өз пайдасына шешу үшін жұмыс істей алды» деп жазады WBO.

Қазақстан Кәсіпқой бокс фе­дерациясының вице-прези­денті Виктор Демьяненко жекпе-жекке қатысты өз көзқарасын білдірген.

«Судьялар Қанат көп соққыны дәл бағыттады деп санайды. Ал меніңше Ислам соққыны аз жаса­ды және бұл кездесу картинасына әсерін тигізді. Сәл белсендірек болғанда... Сірә, жарақаттан кейін әлі толық қалпына келіп үлгер­меген сияқты. Сондықтан ша­буылда күшін үнемдеп жұм­саған болуы керек. Кездесуде ол жеңіл­ген жоқ. Тең есеп беруге де болар еді. Бірақ төрешілер Ис­ламға жеңіс берді. Енді оны талқылай алмаймын. Олар – ли­цензиясы бар, кәсіби мамандар. Әрі Ислам­ның жергілікті боксшы екені де әсер еткен шығар. Кім біледі, мұн­дай жағдайда қарсы­ласқа жеңісті бере салу дұрыс та емес шығар. Менің ашуымды ту­дыр­ғаны – Қанаттың сыл­быр­лығы, қарсы­ласының ша­буыл­дауына ерік беріп қоюы. Егер Қанат қар­сыласқа қысым көр­сетіп, соны тұрақты сақтаған болса осыншама күмән мен сын тумас еді» дейді маман.

Осы кездесу алдында Қанат «Канелоға» қарсы шығуға қауқ­а­рым бар. Оны жеңе аламын» деп мәлімдеді. Жалпы, дәл қазір бі­рін­ші орта салмақта Деметриус Андраде 28-0-0 (17 KO), Сауль «Канело» Альварес 52-1-2 (35 KO), Риота Мурата 15-2-0 (12 KO), Джермалл Чарло 29-0 (21 KO), Джулиан Уильямс 27-1-1-1 (16 КО), Эрисланди Лара 26-3-3 (15 КО), Тони Харрисон 28-2 (21 КО), Хайме Мунгия 34-0 (27 KO) сияқты аса тегеурінді мықтылар бар. Бұлардың қай-қайсымен болмасын шайқасқа түсу аса қиынға соқпақ. Ал Қанат ендігі жолын қалай жалғайды? Деңгейі төмен бапкер мен менеджерін ертіп ап Алматы мен Нұр-Сұл­танда «шоу» жасай бере ме, әлде ендігі қалған 2-3 жылын (кә­сіпқой спортта 37-38 жастан әрі қарай жұдырықтасу қиынға соғады) тиімді пайдаланып, білікті маман жалдап, мұхит аса ма? Мұның жауабын білуге біз де асықпыз.


Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ