Абақтыға косметиканың ішіне жасырып SIM-карта әкелген әйелдің әрекеті әшкере болды

Абақтыға косметиканың ішіне жасырып SIM-карта әкелген әйелдің әрекеті әшкере болды

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде заңға қайшы әркетке барған әйел ұсталды.

Әйелдің қитұрқы әрекетін режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы Бағлан Тілеу, тексеру бөлмесінің жедел уәкілі Назгүл Жампозова, 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы Ақнұр Джалишева әшкереледі.

Абақтыда жазасын өтеп жатқан ұлымен ұзақ мерзімге кездесуге келген әйелдің косметикалық бұйымдарын тексеру барысында Beeline-нің бір дана sim-картасын тауып, тәркіледі.

Баласы үшін заң талабын бұзған 53 жастағы әйелге қатысты тергеу басталды.