Жеңгетай 5 жыл бұрынғы жазасын биылдан бастап абақтыда өтейтін болды

Жеңгетай 5 жыл бұрынғы жазасын биылдан бастап абақтыда өтейтін болды

Атырау қалалық пробация қызметінің мәліметінше, сотталған әйелдің екі баласы бар.

«Бұл әйел 2015 жылғы қыркүйекте Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) айыпты деп танылды. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырған болатын», – дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.

Биыл сотталған әйелдің жазасын өтеу мерзімінің шегерілген уақыты аяқталған.

Сот шешімімен азаматша УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды. Жеңгетайдың кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.