1 қарашада елордада қоғамдық көлік жүрмейді

1 қарашада елордада қоғамдық көлік жүрмейді

1 қарашада, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС.

«Еске саламыз, 1 қарашада, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордадағы қоғамдық көлік жүрмейді. Дүйсенбі, 2 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар өз жолаушыларын әдеттегі кесте бойынша күтеді. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген компанияның Instagram парақшасына сілтеме жасап.