Коттеджде Хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды

Коттеджде Хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды

Хэллоуинді тойлағаны үшін Нұр-Сұлтан тұрғындарына айыппұл салынды.

"Жастар компаниясы коттеджді алдын-ала жалға алып, Хэллоуинді түнде атап өтуді көздеді. Мифтік кейіпкерлердің стилінде макияж қойып, жастар қазіргі шектеулерді ұмытып, көңіл көтерді. Олар қатты айқайлап, көңілді болды, азаматтардың тыныштығын бұзды. Түнде полицияға шуылға шағымданған көршілерден қоңырау түсті", – делінген хабарламада.
Топтық тыныштықты бұзғаны үшін полицияға 26 адам жеткізілді. Олардың ішінде сегіз кәмелетке толмаған бала бар Polisia.kz.
"Ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары жасөспірімдердің заңды өкілдерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 18 адамға қатысты учаскелік инспекторлар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437 – бабы (тыныштықты бұзу) бойынша 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады", – деп хабарлады полициядан.
Белгілі болғандай, коттеджді  жалға беруші де жазасыз қалмайды