Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 83-ке жетті

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 83-ке жетті

219 адамға медициналық көмек көрсетілді.  Түркияның батысында орналасқан Измир провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 83-ке дейін өсті. Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге Түркияның экология және қала құрылысы министрі Мурат Курум мәлімдеді.

«Жер сілкінісі салдарынан 83 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта 219 адамға медициналық көмек көрсетілуде. Олардың сегізі қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр», – деді министр.
Бұған дейін 79 адам қаза тапқаны және 960-тан астам адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын. 6,7 балдық жер сілкінісі теңізде Самос аралынан солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде тіркелді. Ол Афина мен Стамбулда сезілді. Жер асты дүмпулері Измирде кем дегенде 20 үйдің құлауына әкелді, ал Грекияның Нион-Карловаси қаласында қирау орын алған. Мурат Курум Түркия билігі 1 қарашадан бастап зардап шеккендерге материалдық көмек төлей бастағанын айтты.