Түркістан облысы Кентау қаласында кәсіпкер Бекболат Бекеновтің тікелей демеушілігімен оттегі станциясы салынды. Тәулігіне 250 оттегі баллонын толтыруға қауқарлы станцияның жалпы құны 60 млн теңге тұрады.. Қала әкімі Даурен Махажанов орталық ауруханаға орналастырылған жаңа станцияның жай-күйімен танысып, жомарттық танытқан кентаулық азаматқа алғысын жеткізді.
«Әлемді жаулаған коронавирус індеті біздің елімізді де айналып өтпеді. Бұл жағдай халыққа айтарлықтай қиындықтар алып келгені баршаға аян. Міне, осындай қиындықтарды еңсеру үшін мемлекет тарапынан ғана емес, жекелеген жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен емхана мен ауруханаларымызға көптеген көмектер беріліп жатыр. Халықтың қамын ойлаған осындай азаматтарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді қала әкімі.Айта кетейік, қазіргі таңда Кентау калалық ауруханасында «COVID-19» індетін және вирусты пневмония ауруына шалдыққан науқастар жоқ. Дегенмен қаладағы инфекциялық стационар науқастарды қабылдауға дайын тұр. Індеттің келесі толқынына дайындық мақсатында жоспар түзіліп, 580 төсек орын ашуға жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, ауруханада короновирусты инфекция мен вирусты