Қазақстан көршілерге наразылық білдіреді

Қазақстан көршілерге наразылық білдіреді

Қазақстан Қытай, Ресей және Өзбекстанға шекаралық аймақ­тардағы ұялы байланыс сиг­на­лына байланысты наразылық білдірмек. Бұл туралы ақпарат Мәжілістегі депутаттық сауалға Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Му­синнің жауабында айтылды.

Министр шекара маңында ұялы байланыс сигналы тұншықтырылатын қашықтық операторлармен халықаралық келісімдер арқылы реттелетінін айтқан. Мұндай қашықтың ел ішіне қарай 3-тен 90 шақырымға дейін тереңдей енуі мүмкін. Сондықтан көршілердің ұялы байланыс операторлары өздерінің сигнал тарататын құрылғыларының қуатын реттеуі тиіс. Ал көрші елдердегі ұялы байланыс опе­раторларының қуатты радио­сигналдарына бақылау орнатып, тиісті шараларды қабылдау үшін халықаралық жиілік координациясы керек. Сонымен қатар министр Қырғыз Республикасымен шекарадағы радио­сигналдар мәселесін де мысал ертінде келтірді. Өйткені бұрын сол төңіректе отандық операторлар көрші елдің роу­мингіне өтіп кететін. Кейін екі жақ ке­лісіп бұл мәселені шешті. Енді Қытай, Ресей және Өзбекстанмен шекарада мұндайға жол бермеу жағы қа­рас­тырылмақ. Сол үшін министрлік көр­шілерге наразылық білдіруді жос­парлапты.

А.ҚҰРМЕТ