Измирде зілзаладан қайтыс болғандардың саны 98-ге жетті

Измирде зілзаладан қайтыс болғандардың саны 98-ге жетті

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, әлі де құлаған ғимаратттардың үйіндісінің арасын аршу, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, зілзаладан жарақат алған 994 адамның 847-сі ауруханадан шықты, 147 адам ем қабылдап жатыр. Измирде қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 30 қазанда Измирде 6,6 балдық жер сілкінісі болды.