Тойды қалай тоқтатамыз?

Тойды қалай тоқтатамыз?

Себебі, шаһарда жуырда  карантиндік шектеу шаралары  тағы күшейтілгеніне қарамастан той әлі толастамай тұр. Қала әкімдігінің мобильдік топтары өткен демалыс күндері санитарлық талаптарды бұзған тағы 10 фактіні анықтады.

Тұрғындар шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан, мейрамханаларда жаппай іс-шаралар өткізіп, қонақүйлерді де жалға алуда. Ал қоғамдық тамақтану орындары тыйым салынған уақытта жұмыс жасауларын доғарар емес. Жалпы, шаһар аумағында карантиндік режим енгізілген уақыттан бері тәртіп сақтамаған 141 факті анықталған. Олардың 75-і бойынша жеке азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 69 материал қарастырылу сатысында.

ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес, карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін ең жоғары айыппұл 4 444 800 теңгені екенін тұрғындардың есіне саламыз. Сондықтан той-томалақты тоқтатып, өзіміз бен жақындарымыздың денсаулығын ойлайық, ағайын!

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы