IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді.
ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген.
Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.
Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.