ПТР тест анықтамасы жоқ 49 жолаушы ұшаққа отырғызылмады

ПТР тест анықтамасы жоқ 49 жолаушы ұшаққа отырғызылмады

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабыловтың айтуынша, кеше Шығыс Қазақстан облысынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына ПТР анықтамасы бар 385 жолаушы ұшақпен ұшып шыққан.

«Өскемен мен Семей әуежайларында Нұр-Сұлтан әуе рейсіне ПТР анықтамасы 33 адам жіберілген жоқ. Олардың екеуінде анықтаманың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, 31-інде мүлдем анықтама болмаған. Ал Алматы әуе рейсіне Өскемен мен Семей қаласының әуежайынан 11 адам ПТР тест анықтамасы болмағандықтан ұшаққа отырғызылмады. Сонымен қатар Өскеменнен Шымкент бағытындағы әуе рейсіне ПТР тест анықтамасы жоқ 5 адам жіберілмеді», – дейді Садуақас Байғабылов.