Биыл азық-түлік – 8,3, азық-түлік емес тауарлар – 4,5, ақылы қызметтер бағасы 3 пайызға көтерілді.
Бұл туралы Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, биыл қазан айында жұмыртқа бағасы – 10,3, құмшекер – 7,3, күнбағыс майы – 6,3, жаңадан жиналған көкөніс – 2,8, картоп – 2,1, сүт – 1,4, шай – 1, қой еті – 0,9, ұн, сары май – 0,8, макарон өнімдері мен жылқы еті – 0,7, нан – 0,6 пайызға қымбаттаған. Темекі өнімдері – 1,8, салқындатылған сусындар 0,6 пайызға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған жемістер – 3,9, тауықтың сирағы 1,1 пайызға қымбаттады. Кеңсе тауарлары, дәрі-дәрмек – 0,8, көлікке арналған тазалайтын заттар – 0,7, тоқыма бұйымдары, киім және аяқкиім, жиһаз және үйге қажетті заттар 0,6 пайызға қымбаттаған. Көмір бағасы 1,4 пайызға қымбаттады.