Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін «Парковочное пространство» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді.
«Заңды негізі жоқ кәсіпорын (Нұржол бульварын қоспағанда) қаланың жол желісі бойына паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан. Жабдықты демонтаждау қажеттілігі туралы «Парковочное пространство» ЖШС-на бірнеше рет ескертілгенімен өтініш еленбеді. Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдердің заңсыз жиналғанын анықтады«, - делінген әкімдіктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.Осыған бай̆ланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелері шығындарын өтеу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдаған. Еске сала кетей̆ік, көшелер мен даңғылдарды кептелістен арылтуға арналған ілкі жоба 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварының аумағында басталды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды. Болашақта паркоматтардың санын кеңей̆ту жоспарланған. Алайда «Парковочное пространство» ЖШС тарапынан бірнеше рет заңбұзушылық орын алуына және тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаның кеңеюін тоқтата тұру шешімін қабылдады. Келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.