Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен каналға түсіп кетіп, қаза тапты. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 31 қазан күні Ақжайық ауданында болды. Сағат 17.00 шамасында 33 жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф-2» автокөлігінің руліне ие бола алмай, Бударин каналына түсіп кеткен. Содан кейін автокөліктен шыға алмай, көз жұмған. Марқұмның денесі судан шығарылып, сот-медициналық сараптама жасау үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілді.