Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Париждегі мастерс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады. А.Бублик әлемнің 32-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты. Бұдан бұрын Л.Сонего Парижде өткен Франция ашық чемпионатында А.Бубликті үш партияда тізе бүктірген болатын. Бұл жолы да италиялық теннисші шеберлігі басым екендігін танытып, екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды. Л.Сонего екінші айналымда аустралиялық Алекс де Минормен кездеседі.