Сондай-ақ ол Нұрмагомедов пен Конор МакГрегордың реваншы туралы да пікір білдірген Жеңіл салмақта UFC чемпионы дағыстандық Хабиб Нұрмагомедовтың спорттық карьерасын қашан аяқтайтыны белгілі болды. Бұл туралы спортшының бапкері әрі әкесі Абдулманап Нұрмагомедов хабарлаған. Оның айтуынша, Хабиб ММА-да енді ары кетсе екі не үш жекпе-жек өткізбек. Ал чемпионның келесі қарсыласы америкалық Тони Фергюсон болмақ. Бапкердің сөзінше, аталған жекпе-жек UFC тарихындағы ең үздік кездесу болмақшы. Сондай-ақ ол Нұрмагомедов пен Конор МакГрегордың реваншы туралы да пікір білдірген. Айтуынша, егер Хабибпен төбелесуі тиіс спортшылар Ресейге келуден бас тартқан жағдайда, Конормен кездесуі мүмкін. Хабиб 2018 жылы сәуір айында жеңіл салмақта UFC чемпионы атанып, одан кейін екі мәрте атағын қорғап қалды. Алдымен МакГрегорды жеңсе, одан кейін америкалық Дастин Порьеден айласын асырып кетті.