Шекарадан өту үшін «жүк көлігінің екінші жүргізушісімін» деп алдайтындар көбейген

Шекарадан өту үшін «жүк көлігінің екінші жүргізушісімін» деп алдайтындар көбейген

Cоңғы аптада 161 адам коронавирусқа шалдығып, 4 адам қайтыс болды.

Ресей шекарасымен арадағы өткізу бекеті арқылы бір аптада 2 жарым мыңдай адам облыс аумағына кіреді екен. Кейбірі шекарадан өтетін жүк көліктеріне екінші жүргізуші ретінде отыратыны анықталып отыр.

ҰҚК Шекара қызметі 2029 әскери бөлімінің командирі  Бауыржан Рысбеков: «Ресей бағытынан келе жатқан жүк көлігінің  жүргізушісі  жанындағы жолаушыны көмекші жүргізуші деп көрсетеді. Бірақ өзінің мұндай жүк көлігін жүргізуге рұқсат беретін санаты  болмайды.  Бірақ олар белгілі бір сомаға өзара келіседі де әлгі адам өзін екінші жүргізуші ретінде санайды. Бұл жерде басты проблема оны дәлелдеу өте қиын», – дейді.

Аймақта той-томалақ та тыйылмай тұр. Осыған байланысты мейрамхана мен дәмхана иелерін жауапқа тартып жатыр.

Қазір мұндай нысандардың қызметін тоқтату бойынша 6 іс сотқа жолданды. Тағы 5 мейрамханаға қатысты материал дайындалып жатыр. Мониторинггтік топтар бір аптаның ішінде көңіл көтеретін орындарда шектеу шараларын бұзудың 57 дерегін анықтады.