Полицейдің адамгершілігі үшін Виталий баласының есімін Нұрбол деп қойды

Полицейдің адамгершілігі үшін Виталий баласының есімін Нұрбол деп қойды

Былтыр күзде полицей Нұрбол Темірханұлы Виолетта Барабашты перзентханаға жеткізуге көмектескен.

Тұрғын жедел жәрдем шақыра алмай, полицейден көмек сұраған. Нұрбол Темірханұлы әріптесімен бірге жарты сағатта Виталий Барабаштың үйіне жетті.

Жүкті әйел мен күйеуін қызметтік көлікпен перзентханаға апармақ болған. Бірақ жолда әйел толғатып, Түркістан қаласына кіре берісте полицейлердің көмегімен босанып қалған. Кейіннен жеткен жедел жәрдем көлігімен ана мен баланы ауруханаға жеткізген.

Полицей кентаулық отбасыға көмектесіп тұрады.