Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда алдағы уақытта карантин қандай болатынын айтты. Журналистер одан Қазақстанда жекелеген өңірлерде карантин енгізіле ме әлде еліміз бойынша карантин енгізіле ме деп сұрады.
Еске сала кететйік, өткен аптамен салыстырғанда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2,6 есеге өскенін жазған болатынбыз.«Жекелеген өңірлерде карантин күшейтіледі. Соңғы аптада елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 2,6 есе артты. Алайда өңірлерде жағдай әртүрлі. Сондықтан әрқайсысына жеке қарайтын боламыз. Қазіргі уақытта әр өңірде карантиндік шаралар жеке дара қабылданып жатыр. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның штабтары сол жерге барып шешім шығарып жатыр», - деді Есмағамбетова.