Бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырған

Бір тәулікте 10 мың адам коронавирус жұқтырған

Швейцарияда алғаш рет бір тәулікте 10 мың адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды,   деп хабарлайды «Хабар 24». Осыған дейін елдің бірқатар өңірінде төтенше жағдай жарияланған болатын. Сондай-ақ жабық бөлмелермен қатар көшеде де маска тағу міндеттелді. Мейрамханалар мен барлар сағат кешкі 23:00-ге дейін істейтін болды. Сондай-ақ 50 адамнан көп қатысатын шаралар өткізуге тыйым салынды. 8,5 млн-дай халқы бар Швейцарияда 200 мың адам коронавирус жұқтырған.