Қазақстан Премьер-лигасының 32-ші турында Қайрат сырт алаңда Павлодарлық "Ертіс" клубымен кездесіп, ірі есеппен жеңілді.
Қайрат Боранбаевтың клубы биылғы чемпионатта алтын алуды көздегені белгілі. Бірақ соңғы кездесулерінде "Қайрат" қатырып ойнамады. "Астанамен" өткен шешуші ойында алматылықтар жеңіліс тапқан. Енді міне Павлодарға барып жергілікті клубтан жеңіліп қалды."Ертіс" қайраттықтардың қақпасына бес (!) жауапсыз гол соқты. Алдымен Сағынаев 1 гол салып бірінші таймды аяқтаса, екінші таймда Манзорро, Стаменкович, Кенесов, Фонсека төрт бірдей жауапсыз гол соқты.
"Қайрат" енді күмісті қанағат тұтады.