Елордалық футбол клубы алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды.
"Астана" өзінің кезекті ойынын сырт алаңда "Тобылға" қарсы өткізді. Жеңіс тек астаналықтарға ғана емес, қостанайлықтарға да ауадай қажет болатын. Себебі "Тобыл" қола жүлде үшін шымкенттік "Ордабасымен" таласуда."Астана" ойыншыларының тағы бір назары Павлодарда өтіп жатқан "Қайрат" пен "Ертістің" арасында өтіп жатқан матчта болды. Алайда ол жақта алаң иелері алматылықтарды 5:0 есебімен тізерлетті. Бұл нәтиже "Астананы" алтынға бір қадам жақындата түсті.
Қостанайда өткен ойында тек бір ғана гол соғылды. Оның авторы – Юрий Логвиненко.
Осылайша "Астана" қатарынан алтыншы чемпиондығына қол жеткізді.