Қазақты қорлаған Божко сотталды

Қазақты қорлаған Божко сотталды

Полиция әлеуметтік желіде тараған видеоны тексерді. Рудный тұрғыны украиналық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер YouTube арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді.   [caption id="attachment_85511" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Кейіннен Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады. Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі: «Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ» деп мәлімдеді.