Іс-шараға сондай-ақ университет проректорлары, құрылымдық бөлім басшылары мен жас ғалымдар да қатысты.
Кездесу барысында ректор Такир Балықбаев университеттің академиялық, басқарушылық және стратегиялық бағыттарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Қашықтан білім беруді қамтамасыз ету бойынша «Univer» жүйесі, Microsoft Teams, Google Meet, ZOOM стримингтік жүйесі бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Жаңа оқытушылар қабылданғандықтан, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту жалғасады. Оқытушылар компьютер, ноутбук және байланыс ресурстарына қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берілді.Кездесу барысында университеттің инфрақұрылымы, жаңа жатақхана салу және жас ғалымдар мен докторанттарға орын бөлу, докторанттардың шетелдік басшыларына ақы төлеу, авторлардың кітаптарын шығару, ғылыми гранттар мен конкурстар, зертханалар мен аудиторияларды қажетті жабдықтармен және жаңа технологиялармен техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.