Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынын тонап кеткен күдіктілерді ұстады. Анықталғандай, олар жәбірленушіге күш қолданып, 10 кг 700 г болатын алтын құймаларын иемденген.
«Жақында Алматы облысы ПД кезекші бөліміне күш қолданып, алтын құймаларды иемденіп кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты заңды шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Сауатты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар Алматы облысының 26-38 жас аралығындағы тумалары болып шықты», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.Күдіктілер қылмысты толығымен мойындаған.
«Оларға қатысты 192-баптың 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни адамдар тобымен жасалған аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуыл. Барлық күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде қамауға алынды. Барлық қажетті жедел жұмыстар жүргізілуде», - деп толықтырды Данияр Мендебаев.