Гватемалада дүлей дауыл кезінде қаза тапқандар саны жүзден асты. Бұған қоса, толассыз жаңбырдан кейінгі лай көшкінінен жүздеген үй қирап, он мыңдаған тұрғын зардап шеккен. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандардың қарасы бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені елдің орталық бөлігінде құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz 24.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Алехандро Джамматтееи, Гватемала президенті: - Ертең бізге Панамадан тікұшақтар көмекке келеді. Олар Гондураста түнеп, кейін елге жетеді. Сосын олар Гватемаладағы гуманитарлық операцияларға қатысады. Жалпы, Эта дауылы апта басынан бері Орталық Америкада 200-дей адамның өмірін қиды. Қазір бұл дауыл Кариб теңізіне ойысып, Куба мен Америкаға қарай жылжып келеді.