Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан зымыран ұшырылғаннан кейін Спутник басқа 12 аппаратпен бірге орбитаға сәтті шықты. Қытай 6G желісінің әлемдегі алғашқы сынақ спутнигін ғарышқа ұшырды. Ол алтыншы буынның эксперименттік желілік технологиясының қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін көрсетуі керек. Бұл туралы Aikyn.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 6G эксперименттік аппаратын Chengdu Guoxing Aerospace Science and Technology компаниясы Қытайдың электрондық ғылымдар және технологиялар университетімен және Beijing MinoSpace Technology компаниясымен бірлесіп әзірлеген. Технология 5G желісне қарағанда деректерді бірнеше есе жылдам жеткізу үшін жоғары жиілікті терахерц толқындарын қолданады.