Тапа-тал түсте 7 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті ұсталды  

Тапа-тал түсте 7 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті ұсталды  

Полицейлер күдіктіні ұстады. Қарақшылық шабуылдың тапа-тал түсте, орталық көшеде болғанын ескеріп, Полиция департаменті тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобын жасақтады.

Жедел уәкілдер қылмыс орнын мұқият қарап, бейнебақылау камераларын зерттеп, куәгерлерден жауап алды. Полиция әр аула мен көшені аралады. Ұрланған заттарды сатуы мүмкін ломбардтар мен сатып алушыларды тексерді. Екі күннен кейін күдіктіні Кентау қаласынан ұстады.

Күдікті – жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны. Ұсталған азамат полиция басқармасына жеткізіліп,УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу барысында анықталғандай, қарақшылық шабуылдан кейін күдікті қаланың ішіндегі жолдар арқылы қашып кеткен. Бейнекамералар мен іздестіруден жасырыну үшін киімін ауыстырып, таксимен Кентау қаласына жеткен.

Күдіктінің қитұрқы әрекеті жедел уәкілдердің жұмысын қиындатты. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып, ал ақшасын өз қажеттіне жұмсаған. Тергеу басталды. Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.